«Өзім жайында фильм түсіремін»: Дариға Бадықова жаңалығын айтты

2 521

Фото: ©instagram.com/badykovadarygaҚазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында мінезіндегі өзгеріс пен алдағы шығармашылық жоспары туралы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі бұрын ашуланшақ болғанын, алайда уақыт өте келе эмоциясын бақылауды үйренгенін жеткізген.

«Бұрын көп ашуланатын едім. Қазір ақыл қонды. Ақыл қонбай кетсе де бәле ғой. Және жолыңда болмай, тағдырың тарам-тарам болып. Ашушаңдық аймақтық екенін жақсы түсіп алдым. Жалпы табиғатымда сабырлық бар, просто өмір сәл ашуландырған бір кездері. Қазір ашушаң адамға неге өтіп тұр деп қарап қалуды шығардым! Ал жұмысқа келгенде бұл флюорофия уақытша тоқтайды. Өйткен солай болу керек»,- деп жазды актриса.

Дариға Бадықова өзі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтып, бұл жобаға қызығушылық танытқан мамандарға үндеу жасаған.

«Жаңалық. Өзім жайында документальный фильм жасаймын. Менімен жұмыс жасағысы келетін документалистерді қарсы аламын. Шетелге шыққанның пайдасы ойға келетін идея!», – деп бөлісті ол

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.