"Елге жаны ашитындарға берсін тізгінді"
386
Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде не себепті көрінбей кеткенін түсіндіріп, азулы жазба жариялады. Өнер иесі Таразда орын алған төтенше жағдайдан кейін ел алдына шыға берген дұрыс емес деп есептеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында билік басындағыларға да тоқталып өтті. Әнші оларға деген наразылығын білдіріп, қатты сынға алды.
"Достарым, көптен фото, жазба қалдырмадым. Кешірім сұраймын. Таразда болған қасыреттен кейін, "пир во время чумы" деп орыстар айтпақшы. Халқым қан жылап, бейбіт заманда жақындарынан айырылып жатқанда, өйтіп жатырмын бүйтіп жатырмын деп, жылтылдап, мәнсіз жырқылдақты салғым келмеді. Мен не айта аламын?! Аллах тауфих берсінші, үстіндегілерге! Ұйықтамай, халықтың сенімін ақтап, жауапкершілікпен атқарсын қызметтерін! Қолдарынан түк келмей, елді қырса- кетсін! Есік ашық! “Үкібайсыз “да ел болғанбыз! Елге жаны ашитын, талантты адамдарға берсін тізгінді. Енді осындай қасырет түспесе екен басымызға. Ел аман- жұрт тыныш болса екен", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Өнер иесінің бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, халықтың сан түрлі пікіріне ие болды. Бірі Түсіпбаеваның айтқандарымен толықтай келісіп жатса, енді бірі оған қарсы шықты.