Мақпал Жүнісова:"Үкімет көйлек пен аяқ киім беретін"

2 172

Фото:instagram.com/zhunusova.makpal/ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан 40 жыл бұрын сахнада өнер көрсеткенін есіне алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі сол кездегі заманды есіне алып, тегіншілік заман туралы айтып берді. 

“Біздің кезімізде министр бәрін өзі тыңдап, радиоға ән апарсаң бәрін талқылау кеңестен өткізетін. Сахналық киімдерімізге дейін қарап, ескерту жасайтын. Барлығы тегін болатын. Ол уақытта көйлек те, аяқ-киім де, жолың да, ішер тамағың да бәрі үкіметтен төленетін. Қазір бәрін өзің төлейсің. Сосын қазір бәрі 20 есе қымбаттап кеткен ғой”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің 20 жыл бұрынғы жазған хаттарын жариялап, көпшілікті жылатқан еді. 

“Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей!
Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар - мамаң Мақпал, папаң Заманбек.
31.12.2002 – 1.01.2003 жылға", – деп жазылған хатын көрсеткен еді халық әртісі. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.