Қайрат Нұртас жүрек тебірентерлік жазба жариялады

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/kair_nТанымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде қызы Алауды туған күнімен жылы лебізбен құттықтады. Өнер иесінің жанкүйерлері де ізгі тілектерін жаудырды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

Алау – әншінің ортаншы қызы. Туған күніне орай Қайрат Instagram парақшасында қыздың суретін жариялап, қазақ және орыс тілдерінде әсерлі жазба қалдырды.

Құттықтауында ол қызын «жұлдызшам» және «әкесінің жүрегі» деп атап, бақыт тілеп, әрдайым жанында болып, қорғап-қолдайтынын жеткізді.

«Лаулаған Алауым! Туған күніңмен жұлдызым, әкесінің жүрегі! Бақыттың құшағында, Алланың назарында бол, қызым! Маңдайыңдағы бағың бес елі болсын, құлыным! Мен барда ешкімнен қорықпа, ешкімге жалтақтап алақан жайма! Мен сенің тіргеіңмін, қорғаныңмын, қолдауыңмын!», – деп жазды Қайрат Нұртас.

Өнерпаз сондай-ақ қызына мақтанатынын, оның әрбір жетістігіне қуанып жүретінін айтқан. Ол қызына әрдайым жарқырап жүруін тілеп, қандай жағдайда да жанынан табылып, шынайы сүйіспеншілікпен қолдай беретінін атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.