Ақбота-Нұр бұрынғы ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

2 315

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzyТанымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова бұрынғы ата-енесімен араласып тұратынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі балаларына қарайласатын ата-енесін мақтады. 

“Екі құлыныма жүректері кең, ұрпақ қамын ойлайтын, махаббат пен қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әже нәсіп етті. Менің бұрынғы ата-енем балаларыма қарайды. Менің жұмысымның ақсап қалмауын түсініп, әрдайып қолдау білдіреді. Маған көп мүмкіндік берді. Жас кезімде дамысын, оқысын көрсін деп отырады. Аяққа тұрып, өсуімді тілейді. Бұрынғы күйеуімнің әке-шешесі өз ата-анама айналып кеткен. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Амандық болсын әрдайым”,  – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловтың үйленгеніне қатысты да пікір білдірді. 

“Ол қуанышты жаңалыққа әрине ортақтасамын. Себебі әр адам өз тіршілігін реттеуге, алға қарай қадам жасауға лайық. Жүрегімде тек қана шүкіршілік сезімі бар. Ол кісіге тек бақытты болсын деп айтамын”, – деп жазды өнер иесі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.