"Өнерімді шектейтін адам керек емес": Ақбота-Нұр болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты

326

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты. Сылқымның сөзінше, сүйіктісі оның өнеріне еш қарсылық білдірмеуі келтірмеуі керек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/КешYou-де ән салып жүріп Дәурен Айдарқұловпен танысқан Ақбота-Нұр көп ұзамай әзілкешпен бас қосады. Бүгінде ортақ некеден туған бір ұл мен бір қыз өсіп келеді. Алайда екеуінің отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Ақботаның айтуынша, өнер адамы болғанына қарамастан, Дәурен оны шамадан тыс қызғанатын. Сол үшін арада ұрыс-керіс те көп болатын. 


Ал сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулаған Ақботаның ендігі болашақ жарына қояр талабы бар. Instagram оқырмандарының бірі Ақботадан шоу-бизнесті әлде отбасын бірінші орынға қоятынын сұрады. 

"Екеуі де мен үшін маңызды. Мені бар болмысыммен қабылдаған адам өз таңдауына қарсы шығады деп ойламаймын. Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам менікі емес", - деп жауап берді Ақбота-Нұр.
Одан бөлек, актриса қаншалықты кешірімді екенін айтты.



"Өткен шақтағы Ақботаш көбінесе кешірімді таңдайтын. Ал қазір "қалған көңіл - шыққан жан", - деді Сейтмағамбет. 




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.