"Өнерімді шектейтін адам керек емес": Ақбота-Нұр болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты
Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты. Сылқымның сөзінше, сүйіктісі оның өнеріне еш қарсылық білдірмеуі келтірмеуі керек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
КешYou-де ән салып жүріп Дәурен Айдарқұловпен танысқан Ақбота-Нұр көп ұзамай әзілкешпен бас қосады. Бүгінде ортақ некеден туған бір ұл мен бір қыз өсіп келеді. Алайда екеуінің отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Ақботаның айтуынша, өнер адамы болғанына қарамастан, Дәурен оны шамадан тыс қызғанатын. Сол үшін арада ұрыс-керіс те көп болатын.
Ал сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулаған Ақботаның ендігі болашақ жарына қояр талабы бар. Instagram оқырмандарының бірі Ақботадан шоу-бизнесті әлде отбасын бірінші орынға қоятынын сұрады.
Одан бөлек, актриса қаншалықты кешірімді екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар







