Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады

2 272

Фото: instagram/ balgynbek_imashАйтыскер ақын Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Естеріңізге сала кетсек, жақында блогер Әлішер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы видео жариялады. Онда ол ақынды "сорлы" деп атады. Кейін блогер видеоны өшіріп, халық алдында кешірім сұрады.


Айтыскер ақын Балғынбек Имаш әлеуметтік желідегі парақшасында Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады. 

"Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,
Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.
Тазалауға қоғамды немқұрайлы,
Жазалауға бәріміз лайықтымыз!
"Жас қайың" боп мың көктеп, мың солдыңыз,
Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз?
Шын ақынды "сорлы еркек" атандырған,
Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!
Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа,
Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.
Ақша адамды аздырып айуан қылды,
Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…", – деп жазған ол. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.