"Бір аяғым протезге жарамай қалды": Тамара Асар саясатқа келу себебін түсіндірді
Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар Azamat Live бағдарламасына берген сұхбатында саясатқа араласуына жеке өміріндегі ауыр кезең мен денсаулығына байланысты туындаған мәселелер әсер еткенін айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің айтуынша, былтыр оның отбасы үлкен қайғыны бастан өткерген. Жолдасының 23 жастағы тұңғыш ұлы өмірден өтіп, бұл жағдай Тамара Асарға ауыр тиген. Күйзелістен кейін аутоиммундық ауруы асқынып, денсаулығына байланысты шетелде ем қабылдауға тура келген.
Осы жағдайдан кейін өнер иесі Қазақстандағы протездік-ортопедиялық көмек саласына басқаша қарай бастаған. Өз басынан өткен қиындық бұл бағытта жекелеген мәселелерді шешумен шектелмей, жүйелі өзгерістер қажет екенін түсінуге ықпал еткен.
Тамара Асардың сөзінше, елімізде 752 мың мүгедектігі бар адам болса, оның 95 мыңы протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж.
Әнші осы мәселелерді заңнамалық деңгейде көтеріп, нақты өзгерістерге ықпал ету үшін саясатқа араласуға шешім қабылдағанын жеткізген.
Сондай-ақ өнер иесі шығармашылық адамдарының қоғамдық-саяси өмірге араласуына сын көзбен қарау дұрыс емес деген пікір білдірді. Ол тарихта өнер мен әдебиет өкілдерінің елдік мәселелерден шет қалмай, қоғам өміріне белсенді араласқан мысалдары аз емес екенін атап өткен.
Қаз
Рус






