"Бір аяғым протезге жарамай қалды": Тамара Асар саясатқа келу себебін түсіндірді

2 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотҚазақстанның халық әртісі Тамара Асар Azamat Live бағдарламасына берген сұхбатында саясатқа араласуына жеке өміріндегі ауыр кезең мен денсаулығына байланысты туындаған мәселелер әсер еткенін айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, былтыр оның отбасы үлкен қайғыны бастан өткерген. Жолдасының 23 жастағы тұңғыш ұлы өмірден өтіп, бұл жағдай Тамара Асарға ауыр тиген. Күйзелістен кейін аутоиммундық ауруы асқынып, денсаулығына байланысты шетелде ем қабылдауға тура келген.

“Былтырғы жыл біздің отбасымызға өте ауыр тиді. Жолдасымның 23 жастағы тұңғыш ұлы қайтыс болып, соған қатты қиналдым. Күйзелістің салдарынан аутоиммундық ауруға шалдығып, бір аяғым протезге жарамай қалды. Шетел аралап, емделуге мәжбүр болдық”, – деді әнші.

Осы жағдайдан кейін өнер иесі Қазақстандағы протездік-ортопедиялық көмек саласына басқаша қарай бастаған. Өз басынан өткен қиындық бұл бағытта жекелеген мәселелерді шешумен шектелмей, жүйелі өзгерістер қажет екенін түсінуге ықпал еткен.

Тамара Асардың сөзінше, елімізде 752 мың мүгедектігі бар адам болса, оның 95 мыңы протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж.

“Бұл жүйені айналып өтуге болмайды, сауатты, саяси қадамдар керек. Маған алғаш болып Қазақстан халық партиясы хабарласты. Олардың бағдарламасында инклюзия тарауы болғандықтан, ұсынысты қабыл алдым”, – деді Тамара Асар.

Әнші осы мәселелерді заңнамалық деңгейде көтеріп, нақты өзгерістерге ықпал ету үшін саясатқа араласуға шешім қабылдағанын жеткізген.

Сондай-ақ өнер иесі шығармашылық адамдарының қоғамдық-саяси өмірге араласуына сын көзбен қарау дұрыс емес деген пікір білдірді. Ол тарихта өнер мен әдебиет өкілдерінің елдік мәселелерден шет қалмай, қоғам өміріне белсенді араласқан мысалдары аз емес екенін атап өткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.