Менде елден қалыспай Түркиядан үй алуға ниеттімін

426
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан алдағы уақытта Түркия елінен үй алуды жоспарлап отыр. Өнер иесі өзге әріптестерінен қалыспай, өзге мемлекетте баспаналы болуға ниетті.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшілікті таңғалдырды. Эстрада жұлдызы болашақта шетелден үй сатып алғысы келетінін айтты. 

Ол өнердегі өзге әріптестері секілді Түркиядан жаңа баспана алуға ниетті болып шықты. 

"Соңғы уақытта Түркияға көшіп жатқан қазақтар саны көбейді. Бәлкім, бұған бірнеше себеп бар шығар. Менде жұрттан қалмай Түркиядан үй алуға ниеттімін. Бірақ, біресе алғым келеді, біресе айнып қалам. Үй алу болашаққа инвестиция құю деп білем. Осы мәселеде сіздер не ойлайсыздар" , - деп жазды Ерке Есмахан. 

Алайда, әншінің бұл жазбасы кейбір желі қолданушыларын алаңдатып қойды. Өнер иесінің жанкүйерлері оның шетелге көшіп кетуі мүмкін екенін жазып, уайымға салынды. 

Пікір білдіргендер арасында Еркенің болашаққа деген жоспары үшін қуанғандар да болды. Олар әртістің бастамасын қолдап, оған мақсатына қол жеткізу үшін барын салуға кеңес берді.