«Күйеуім түк таппайды»: Сара Тоқтамысова отбасылық бюджет туралы ой қозғады
2 009
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова отбасылық бюджет туралы ой қозғап, кейбір әйелдердің әрекетін сынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», – деді ақын келіншек.
Оның пайымдауынша, отбасында әйелдердің күйеуін өзгелермен салыстырып, аз ақша табатынын айта беруі жөн емес.Оның сөзінше, отбасылық бюджет бірге болып, ортақ бір мақсатқа жұмсалуы тиіс.
«Қазіргі қоғамда, әсіресе, біз, әйелдер көп менмендікке салынып кетеміз. Қай білгіштің ойлап тапқанын білмеймін, мынадай сөз бар: Менің тапқаным – менікі, күйеуімнің тапқаны – біздікі деп ұрандатып отыратындар бар. Қараңызшы, сіздің күйеуіңіздің жұмысы аяқасты жүрмей қалды, аяқасты тоқтап қалды. Ескере кетейік, жатыпішер, жалқау, әйелінің мойнына өмір бойы масыл болып отыратын еркектер туралы айтып отырған жоқпын. Қоғамда бар дүниені айтып отырмын. «Тура осы кезде «ой, менің күйеуім түк таппайды, менің қалауларымды орындамайды, ананы қарашы, мынаны қарашы» деп өзін кім көрінгенмен салыстыра берсең, әйел адам өз берекесін өзі қашырады екен. Осы кезде небір ақылгөйлер көбейеді. «Саған оның не керегі бар, өзің жақсы қаражат табасың, сұлусың» деп болмайтын ақылын тықпалайтындар табылады. «Әйелге ақыл керек» деген осыдан шыққан. Ақылды жолдас болса, ешбір әйел ажыраспайды», – деді ақын келіншек.