Әнші Сиви Махмуди 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасты

937

Сиви Махмуди 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әншінің ажырасқанына 1 жылға жуықтаған.

"Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр. Екі бөлек кеткенімізге 1 жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт, жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін?! Отбасымды қорғағым келді 10 жыл бойы. Ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларымның бағы бүтін болуы үшін барымды салдым. Ешкімді кінәламаймын. Бәрін кешірдім. Жылды осылай қорытындыласам да, Жаңа жылдан күтерім көп", - деп жазба қалдырды әнші Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. 


Өнер иесінің экс-жарының есімі - Аңсар Қажымұқанұлы. Қазіргі таңда, екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.