"Бақытын тапса екен": Гүлзира Айдарбекова экс-келіні Жібек жайлы айтты
60
Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың бірінші әйеліне ренжімейтінін, бақыт тілейтінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Екеуі бірге тұра келе, бір-бірінің адамы емес екенін жақсы түсінген секілді. "Өмірін бұзбай-ақ қояйын. Мүмкін өз адамын табар" деген ниетте болды. Халық о баста Жібекке тиісті ғой. Енді Индираға тиісіп керегі жоқ сияқты. Оны өмірінен алып тастай алмайды ғой. Құдайдың маңдайына салғаны. Жастарға біздің емес, адамдардың азғыруы көп әсерін тигізеді ме деп ойлаймын. Бізден бұрын халықтың сөзі құртады ма деп қаламын. Кетті ма, оған да маза бер. Жүрегін ауыртпа. Жібекке ренжімеймін. Ешқандай жамандық тілемеймін. Өз бақытын тапса екен, бізге реніші болмаса екен деймін. Мен Жібекке ренжімеймін. Кететін кезде "Менен кінә болса, барлығын айт" дедім. "Сені бір жерге жібермеген кезім болды ма?", "Отырса - опақ, тұрса - сопақ деген кезім болды ма?", "Анда-санда келгенде, не зияным тиіп қойды" деп сұрадым. Болмайтынына көзім жеткенде, "Жарайды" деп келістік. Арада бала болмай тұрғанда, өз бақыттарыңды табыңдар" дедік", - деді Гүлзира Айдарбекова.