Ернар Айдар жаңа көлігін көрсетемін деп сынға қалды

2 542

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: Sn.kzТанымал әнші Ернар Айдар жаңа жылда өзіне қымбат сыйлық жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

"Ассалаумағалайкум баршаңызға! Жылдың басын осылай өз-өзіме сыйлық жасап бастадым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Баршаңызға жұғысты болсын. Каспи нөмерімді білетіндер, көрімдік жіберемін десеңіздер қарсы емеспін. Алла баршамызға жар болсын", - деп жазды Ернар Айдар.

Алайда оқырмандар әншінің екі сызықты басып, жол ережесін бұзғандығын жазуда. 

"Жұлдыздарға екі сызықты басуға кім рұқсат берді? Әлде заң тек қарапайым халыққа қана жүреді ме?", "Екі сызықты басып тұрғаныңыз қалай кетті", "Патрульдік полициядан рұқсат алдың ба?", "Жүргізуші куәлігің кетіп қалмасын", "Көрімдік емес, айыппұл алатын сияқтысыз-ау", - деп жазды оқырмандар.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.