Үстінен қылмыстық іс қозғалған әнші Мұқасан Шахзадаев концертте бой көрсетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақын Олжас Отардың “Ауырмайды жүрек” атты шығармашылық кешінде үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан “Нұр-Мұқасан” тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаев көпшілік алдына шықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кеш барысында Мұқасан Шахзадаевтың сахна төріне көтерілгені байқалды. Ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында әншінің ән орындаған сәтінен бейнежазба жариялаған. Ал әнші Досымжан Таңатаров өз сторисінде Мұқасанмен түскен суретін бөлісіп, жұрт назарын аударды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа әншісіне қол жұмсады деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
Қаз
Рус






