Өміріме қиянат жасағандарды кештім - Мөлдір Әуелбекова

347

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мөлдір Әуелбекова өзіне қиянат жасап, ренжіткен адамдарды кешіргенін мәлімдеді. Әнші Рамазан айында осындай шешімге келгенін айтып, өзгелерді де кешірімді болуға шақырды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ғибратты сөздерге толы жазбасымен әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Алла ашқан кешірім есігін жабуға кімнің құдіреті жетеді? Қасиетті Рамазан айында кешірілмейтін күнәнің үшеуі тізбектелген.
Соның бірі – ата-анаға ақ болу. Яғни ата-ананы қандай да, бір сөз немесе әрекетпен ренжіту.
Тағы бірі, осы Рамазан айының қасиетін біле тұра ішімдікке, араққа салыну.
Және де, менің ойымша ең көп кезігетіні, жақынымен ұрысып қалып, сонымен жараспай отырған адам. Яғни ренжіскен адамдардың бірін бірі кешірмеуі, татуласпауы.
Бұл ай – Алла мейірімін төккен кешірім айы. Мені, көңіліме қаяу түсіріп, өміріме қиянат жасап ренжіткен жандарды осы айдың құрметіне кештім және мен де, кімде кімді байқаусызда немесе қасақана ренжітіп алған болсам, Алла разылығы үшін кешірім сұраймын. Жүректерімізді кешіріммен тазартайық!" – деді ол.  
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.