Ерке Есмахан қашан босанатынын айтты

3 021

Фото: instagram.com/erke_esmahan/Танымал өнер жұлдызы Ерке Есмахан жүктілік кезеңінен фото жариялап, желі қолданушыларына жақын күндері босанатыны жайында айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Эстрада жұлдызы бақытты ана екенін жеткізді. 

"Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз. Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау", – деп жазды әнші.  



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.