Бүркіт жары Аишаны жалғыз өзі перзентханадан шығарып алды
2 597
Танымал әнші Бүркіт жары Аиша мен жаңа туған сәбиін перзентханадан шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жақында төртінші рет әке атанған еді. Келіні мен немересін қарсы алған Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарованың қуаныштан көңілі босап, көз жасына ерік берді.
"Үйге келдік аман-есен келдік. Мамамның көңілі босап кетті. Жылап қалды", – деп жазды әнші.
Ол жұбайын перзентханадан ешкімге айтпай шығарып алғанын атап өтті. Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға ақжарма тілектерін жазып жатыр.
"Бүркіт, Аиша қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Бөпеңіздің бауы берік болсын! Бақытты қыз болсын. Ана шіркін сондай ғой, перзенті үшін қуанса да көзіне жас алады", – деп жазды олар.







