Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова ел алдына шыққан сайын жанкүйерлерін жаңа әрі ерекше образдарымен таңғалдырып отырады. Алайда, әркез түрлі дизайнерлердің туындыларын таңдайтын әнші киімдерін өзі сатып алатын болып шықты. Өнер иесінің жолдасы оған бірде-бір рет киім алып бермеген.
Мадина Сәдуақасова жолдасы екеуі бір-бірінің гардеробына араласпайтынын айтты. Оның сөзінше, әркім өз киімін өзі таңдап сатып алады.
Алайда, әнші бастапқыда күйеуіне бұл үшін ренжігенін жеткізді. Эстрада жұлдызы оған қымбат дизайнерлік киімдерді сыйласа да, отағасы оларды кимей қойған. Бұл туралы өнер иесі "Папарацци" бағдарламасында айтып берді.
"Жолдасым маған өмірімде бірде-бір рет киім алып көрмепті. Өйткені, ол киім деген нірсені ұната бермейтін адам. Менің жолдасым өзі киінеді, мен өзім киінемін. Бөлек жүріп киінеміз. Менің оған сатып алған киімдерім ешқашан киілмейді. Сол күйі тұрады. Мысалы, мен көптеген іс-сапарларға барып, алып келіп жүремін. Ол кимейді. Оның өзіндік талғамы бар. Ол мен секілді түрлі түсті киімдерді кимейді. Ол қара, ақ, сұр, көк түстерді ғана таңдайды. Батсапқыда мен ренжитінмін. Неге мен алғанды кимейді деп. "Маған ондай жараспайды" деп жауап қайтаратын. Ол өзіне икміді өзі ғана сатып алғанын қалайтынын айтты", - деді Сәдуақасова.