Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді
Танымал әлем жұлдызы Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды.
Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келіп, Astana Arena-да өнер көрсетеді.







