Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді

2 642

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Жеке парақшадан алындыТанымал әлем жұлдызы Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды. 


"Осы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуді асыға күтемін. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады", – деп жазды әнші 7 сәуірде.


Билет туралы ақпарат турненің Instagram-дағы ресми парақшасында осы аптада жарияланады. Оның жазғы концерттерінің кестесі де сонда жарияланған. Дженнифер Лопес Астанаға Абу-Дабиден келіп, Astana Arena-да өнер көрсетеді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.