"Әйелімнің арқасында көтерілдім": блогер Дархан Жолшыбеков

2 608

Фото: stan.kzОтандық танымал блогер Дархан Жолшыбеков "NNN Show" бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі мен табысы жайлы бар шындықты айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі жұлдызы бүгінгі миллиондаған табысының құпиясын ашты. Дархан Жолшыбековтың сөзінше, бұндай жетістікке ол келіншегінің арқасында жеткен. 

"Үйде қаражатты Дари ұстайды. Жеке отбасылық сейфте ақшаны сақтаймыз. Даридің арқасында көтерілгенім рас. Менің атағымның шығуына оның көмегі көп тиді. Осы уақытқа дейін түрлі қара жұмыс істедім. Даяшы, әр түрлі жұмыстарды және базарда сатушы болдым. Қазір де базарға бармаймыз деп айта алмаймын. Әйелім ұнаса, кейде киімін базардан алады. Өзім базардан киінбеймін", – деді блогер. Сондай-ақ Жолшыбеков келіншегі тамақ істемейтінін айтты. "Үйде көмекшісі бар. Дари осы күнге дейін тамақ істеген емес. Жұмыртқа ғана қуырады", - деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.