Тележүргізуші Анна Данченко мәжіліс депутаттығынан дәмелі

584
Танымал тележүргізуші Анна Данченко мәжіліс депутаттығына үміткер атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Депутаттығына кандидат атандым. “Ауыл” Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан қатысамын. Сәттілік тілеп қойыңыздар, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен тележүргізушінің әріптестері сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

“Дауысым сенде, Аня! Сәттілік”, “Керемет жаңалық. Сәттілік, Анна ханым”, “Анна ханым сіз лайықтысыз,сәтілік тілеймін”, “Әбден лайықсыз”, “Жоғарыдағы ағаларға қазақша үйрететін адам болатыны қандай жақсы”, – деп жарыса жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.