Әнші Кәмшат Жолдыбаева сахнаға қайта орала ма?

2 584

Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayevaТанымал әнші әрі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова көптен бері сахнадан көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаеваның шығармашылыққа қайта оралу ықтималдығы туралы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мұхитденованың айтуынша, Кәмшат жақын арада емес, бірақ болашақта сахнаға қайта оралады.

“Мен Кәмшатпен жақында сөйлестім. Оның менің концертімде өнер көрсетуін қаладым. Бірақ ол қазір – ана. “Сахнаға шыққым келеді, бірақ сәбиімді қалдыратын ешкім жоқ”, – деді. Оның қызы әлі кішкентай. Менің ойымша, ол бәрібір сахнаға оралады, оған тек уақыт керек”, – деді продюсер.

Сондай-ақ Бағым Мұхитденова Кәмшат Жолдыбаевамен және басқа әріптестерімен әлі де байланыста екенін атап өтті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.