Актер Жанболат Найзабеков суға кеткен үйін көрсетті

2 622

Фото: "Қызықты weekend" бағдарламасыАктер Жанболат Найзабеков қара шаңырағының суға кеткенін көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Туып, өскен үйім. Балалық шағым өткен үй. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады. Алла, сабыр бер", – деп жазды Жанболат Найзабеков. 


Видеодан актердің көрсеткен үйі мен көше бойында орналасқан барлық көршілерінің үйін су алғанын көруге болады. Ал желі қолданушылары Найзабековке сабыр тілеп, желіде басу айтты. "

"Сабыр берсін", "Үйінен айырылған жандарға хан сарайындай үй бұйырсын", "Әр қиындықтың артында бір жақсылық бар", – деп жазды желідегілер. 

Актерге сабыр тілегендер арасында өнердегі әріптестері Тоқтар Серіков, Жазира Байырбекова, Бағлан Әбдірайым мен Серік Ибрагимов те бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.