"Бұл жолы соңына дейін апарамын": Әуелбекова желіде өзін даттаған оқырманын сотқа берді

280
Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде ар-намысына тиіп, өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманын сотқа берді. Өнер иесі бұл жолы соңына дейін баратынын ескертті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мөлдір Әуелбекова оқырманы кешірім сұраса да, бұл райынан қайтпайтынын кесіп айтты. Ол өзін даттаған жан заң жүзінде жауап беруге тиіс екенін жеткізді.

"Сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп атын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шектен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар", - деп жазды эстрада жұлдызы Instagram парақшасында. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне қолдау білдірді. "Дұрыс. Біреуді осылай орнына қою керек. Өзгелерге сабақ болады", "Қолдаймыз. Әр нәрсенің өз шегі мен орны бар. Бұл кісі тым артық кетіпті", "Біреудің шекарасына кіру өте дұрыс емес. Ұл-қызымыз бар, кімнің алдында не күтіп тұрғаны Аллаға аян. Алланың жазған тағдырын талқыға салуға қақымыз жоқ", "Адамның жүрегі қандай болса, аузынан сондай сөз шығады", - деп жазуда көпшілік.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.