Тұрсынбек Қабатов қыздарының болашақ күйеулерін өзі таңдайтынын айтты

2 660

Фото: tursynbek_kabatov_resmiЖеліде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздарына қатысты айтқан сөздері кеңінен тарап жатыр. Сұхбат барысында Қабатов бала тәрбиесіне қатысты өз ойымен бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол қыздарының әлі құлағын тескенін және сырға тағу дәстүрін кейінге қалдырғанын айтты.

"Қыздарымның құлағын әлі тескен жоқпыз, сырға таққан жоқ. Қазақта 'сырға салу' деген дәстүр бар, сол дәстүрге сай алғаш сырғаны кейін саламыз. Оқып жүрген кезде әр нәрсені құлақтарына іліп алмауы керек, кейін үлгересіздер. Би кештеріне баруға мүлде рұқсат жоқ. Бірақ заманауи киініп, ел қатарлы жүрулеріне қарсы емеспін", – деді әзілкеш.

Сонымен қатар ол қыздарының жеке өміріне де бақылау жасайтынын атап өтті.

"Үш қызымның күйеуін өзім тауып беремін деп ойлап жүрмін. Қыздар сол кезде әлі соқыр ғой, әлеуметтік желіден іздемейді. 'Папам тауып береді' деп күтеді. Қыздарым сіз таңдаған жігітке күйеуге шығамын дейді", – деп мәлімдеді Қабатов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.