Динара Қырықбаева ажырасуына қатысты пікір білдірді

573

Фото: Динара ҚырықбаеваҚазақстандық танымал әнші Динара Қырықбаева өзінің жұбайымен ажырасуына қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі тұрмысқа шығарда өзін алдыда не күтіп тұрғанын білмегенін алға тартты. Ол тұрмыс құрып, балалы болған соң үй шаруасына кіріп кетіп, өзін мүлдем ұмытқанын айтты.


Динара Қырықбаева өзінің ажырасуына қатысты бар шындықты Instagram парақшасында ақтарды. Шоу-бизнес жұлдызы арнайы видео жариялап, онда басынан өткен ауыр кезең туралы сыр шертті.


 "Негізі сен тұрмысқа шыққанда өзіңді алдыда не күтіп тұрғанын да білмейсің. Көп жағдайда өзіңді ұмытасың. Мен де дәл осындай жағдайға тап болдым. Бес жыл некеде болдық. Не болды? Балалар туылды, үйдің тірлігі болды, отбасы болды, ұрыстар да болды. Бәрі болды. Бұл нәрселер әрбір отбасыда болған шығар. 


Бірақ, бұл бес жылда мен өзіммен жұмыс істемедім. Мен өзім туралы ұмытып кеттім десем де болады. Өзімнің әдемі, жас әрі жақсы адам екенімді ұмыттым. Іштей өзімді басқалай сезіндім, құдды бұл мен емес секілді. Балаларымды бірінен соң бірін босанып, отбасыма басыммен кетіп қалғандықтан не болып жатқанын да түсінбей қалғандаймын. Мен өзіме тәуелді болмадым, өзімді ұмыттым. Өзіме түкірдім де қол қойдым десем де болады. Мен ана болуды өмірдегі ең маңызды нәрсе, менің парызым ретінде көрдім", - деп ағынан жарылды әнші.


 Өнер иесінің сөзінше, ол мінсіз әрі бәрін білетін ана болғысы келген. Оған қоса, Динара тұрмысқа кейін ажырасу үшін шықпағанын айтты.

 
"Мен бақытты отбасылық өмірді қаладым. Әке мен ана бар болатын толыққанды жанұяны қаладым. Ажырасып кеткен соң, басымда неше түрлі ойлар болды. Мен бәрін орнымен қоя алмадым, ойым шашыраңқы болды", - деді Қырықбаева. 


Ол жолдасымен екіге айырылған соң психолог маманның көмегіне жүгінгенін жасырмады. 
"Басымдағы ойлар өз орнына жайғаса бастады. Мен жаяу көп жүре бастадым. Күнделікті таңғы жетіде тұра бастадым. Он мың қадам жасап, тауға шығатынмын. Қазір мен өзімді қатты жақсы көре бастадым. Бұған дейін жасатпаған массажға барып, "қалайша осындай рахат нәрсеге бармағанмын" деген сұрақ қоямын. Қазір мен өзімді бірінші орынға қоямын", - деді ол.