"Бөлінбейікші, жақсы адамдар"

439
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде оқырмандарына үндеу жасады. Өнер иесі отандастарына ру мен ұлтқа бөлінбей, бейбіт елде тату өмір сүруге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова қазақстандықтардың өзара бөлініп жататынына қатты қынжылатынын жасырмады. Әнші осы орайда Instagram парақшасында үндеу жасап, көпшіліктен қолдау күтті.

"Туған жеріме деген махабатым Қазақстанның барлық өңіріне бірдей. Менің ауылым,менің туған жерім деп жалпы Қазақ жерін айта аламын. Жерге, руға тіпті ұлтқа да бөлмей қарағанды дұрыс көремін. Азғантай ғана халқы бар мемлекеттің перзенттеріміз. Бөлінбейікші, жақсы адамдар! Қолдасаңыздар белгі беріп қойыңыздар", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының сөздерімен келісіп, оған барынша қолдау көрсетті.

"Дұрыс айтасыз, бөлінгенді бөрі жейді", "Қайда жүрсек те, елімізді ұмытпайық", "Бастысы бәріміз аман болайық", "Кең жүрегіңнен айналдым сенің, елдің бəрі сен сияқты ойласа ғой, шіркін", "Дұрыс айтасыз, кең байтақ қазақ жерінің әр метрі бізге қымбат, әр нүктесі биз үшін туған жер болуға тиісті", "Дұрыс айтасың алтыным,бөлінгенді бөрі жейді деген ғой атам қазақ, барлығымыз бір қазақтың баласымыз,әр қазақ менің жалғызым", - деп жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.