Жанды дауыста ән айтқан Гүлнұр Оразымбетова жұрт алдында масқара болды
Әнші Гүлнұр Оразымбетова елордада шахматтан өткен сайыста фонограммасыз ән айтып ұятқа қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көпшілік өнер иесінің жанды дауыста ән айтқанын көріп, шошыған. Желіде желдей ескен бейнежазба оқырмандардың қызу талқысына түсті.
«Гүлнұр көкке өрлегісі келіп әбден ышқынып,жан тері шықты-ау. Сен жанды дауыста айтып күлкі болмай фонограммамен айта берші деп коментарий жазам деп мені блокқа салып еді. Бүгін соны айқын дәлелдеп тұр. Аузы қисық болсада Серікбайдың тонясы ән айтсын деген қағида», «Ұят-айййй, даусы жақсы сияқты еді», «Қасқа тығдауға ұялдым. Жанар Дугалованы шығару керек еді», - деп жазды олар.
Сонымен бірге әнші «Өрле» әнін елордада өткен шахматтан сайыс барысында орындағаны белгілі болды.
Әнші аталған оқиғаға қатысты әп-сәтте пікір білдіріп үлгерді. Ол желідегі парақшасында: «Негізі осылай болған еді» деп қысқа қайырды және фонаграммамен айтылған әнді жүктеді.