Тұрсын Алагөзов қызметкерлерінің ата-анасына ай сайын зейнетақы төлейді

2 554

Фото: Видеодан скриншотТанымал продюсер Баян Мақсатқызының жұбайы Тұрсынғали Алагөзов қол астындағы қызметкерлерінің ата-аналарына ай сайын төлем жасалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“GALANZ bottlers” компаниясының жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылдың қорытындысын шығарып, әріптестерін алдағы мерекелермен құттықтады және барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына компания тарапынан 50 мың теңге зейнетақы төленетінін жариялады.

“Бүгін таңертең бір ой келді, сіздерге бөліскім келіп тұр. Бұдан былай барлық қызметкердің 65 жастан асқан ата-анасына “GALANZ bottlers” компаниясының тарапынан ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төленеді. Сіздер сияқты тұлға тәрбиелеген ата-аналарыңызға мың алғыс”, – деді ол.

 

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетіне тамсанып, жылы пікірлер қалдырып жатыр.

“Ақшаның астында қалғыр. Екі дүниенің бақытын көргір. Ұрпағымен мың жасап, басы бақтан арылмағыр”, “Қызметкерінің ата-анасын ойлайтын Қазақстандағы жалғыз бастық”, “Егде жастағы адамдарды құрметтейтін адамдарды сыйлау керек. Өте керемет адамсыз”, “Алтын адам”, “Жарайсыз! Сіздің жомарттығыңыз үшін Алла осылай дәулет беріп отыр”, “Керемет! Алла разы болсын!”, “Осындай азаматтар жасасын, өзге басшыларға үлгі болсын”, – деп жазған олар.