«Ала жіпті жеті әйел кестік» - Ләйлә Сұлтанқызы

2 519

Фото: el.kz
Фото: el.kz
Отандық танымыл тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзі қатысқан ерекше тұсаукесер тойы туралы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, кішкентай қыздың тұсауын бір өзі ғана емес, жеті келіншек болып кескен, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

 Ләйлә Сұлтанқызы мұндай форматтағы тұсаукесерге алғаш қатысқан. Тележүргізуші ерекше тойдан алған әсерін Instagram парақшасында жеткізіп, ала жіпті неге бірден жеті келіншек кескенін түсіндірді. 

«Жан Мұқанов - 7 баланың әкесі, белгілі продюсер, менің досым. Былтыр көкек айында әйелі екеуі кенже қыздарының тұсаукесерін жасады. Ол рәсімге 7 келіншек қатыстық. Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. Сондағы ниет - әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін (даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын) Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой», - деп жазды Сұлтанқызы.