Ерке Есмахан Түркияға демалысқа ұшып кетті
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан кезекті демалысына аттанды. Өнер иесі ұлымен бірге Түркияға жол тартқан. Әнші желіде Стамбул қаласында қалай уақыт өткізіп жатқанымен бөлісуде.
Ерке Есмахан Түркияға ұшып кеткенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы сырға толы Стамбул қаласына барып, оның әсем жерлерімен танысып қайтуды жөн көрген.
Әнші өзге елдегі демалысы қалай өтіп жатқанын жанкүйерлеріне күнделікті көрсетіп жүр. Ол желіде барынша белсенді болуға тырысып, демалысынан фото және видео жариялап жатыр.
"Түркияда таң ерекше атты. Шағалалар қиқулап оятты. Ұйқыдан ояна сала терезені ашып жіберіп, теңіздің ауасымен тамсана тыныстап әдемі күнді бастадық. Топкапы, Айя София мешіттерінде қыдырдық. 537 жылы салынған мешіттің ішінде Сұлтан Сүлеймандардың жүрген жерлерін көрдік. Әр келген сайын ерекше сезімде боламын", - деп оқырмандарымен бөлісті өнер иесі.
Желі қолданушылары Еркеге жақсы демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын жазды.