Әнші Айқын тұңғыш ұлының туған күнін бұрынғы әйелімен атап өтті

756
Отандық танымал әнші, шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген тұңғыш ұлы Аңсардың туған күнін бұрынғы әйелімен бірге қарсы алды деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аңсардың туған күн кешінде түсірілген бейнежазбалар Instagram парақшаларға тарап кетіп, бірден ел қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, мерекелік шарада Айқын да, бұрынғы келіншегі Әсел де болған. Олар желіде жарияланған видеоларда бой көрсетті. Экс-жұбайлар тұңғышының жаңа жасқа толуына орай, үлкен мерекелік шара ұйымдастырған. Алдымен туған күн иесін мейрамханада тортпен құттықтаса, кейін жиналған барша балаларды тауда ойнатқан. Соңында барлығы атпен серуендеген. Айта кетерлігі, аталмыш мерекелік шарада әншінің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали болмаған. Алайда, Айқын баласының туған күніне екінші некеде туған ұлы Санжарды алып барған.