Қарақат Әбілдина берген сұхбатына ұялды

502

Қарақат Әбілдина сахнаға алғаш шыққан сәттерін еске алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.





Сахнаға алғаш шыққан жылдары берген бір сұхбатымда: “45 -50 жаста сахнада ән айтып тұрған Қарақатты көрмеймін” деген екенмін. Сол кезде 45  деген өте үлкен кісінің жасы деп ойласам керек. Сөйтсем, міне 45-тің ауылына да жақындап қалыппыз. Ал көңілде мәңгі көктем - 18. Енді сол айтқан ойымнан өзім ұялып отырмын, – деп жазды әнші. 


Қарақат алғашқы сұхбаттарында олай айтуының себебін түсіндірді.

Ертеректе рас, 25-30 жастағы апа-жеңгелеріміз кәдімгі үлкен, ақыл тоқтатқан әйел сияқты, ал 50-дегі ағалар ауылдың ақсақалы болып көрінетін. Қазір адамдар жасарып кетті ме, жасын жобалауға келмейді. Қырықтағы кісілер қыздай болып, елудегілерді “ тәте” деп айтуға аузың бармайтындай жап-жас болып тұрады. “Мұның сыры неде болды екен?” деп бір ойлап қоямын. Күтім дерсің, басқа дерсің, десе де, әңгіменің төркіні тереңде жатыр-ау. Көңіл таза, жүрек жас, ниет түзу, артық сөз бен ретсіз реніш жоқ. Өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеп, шуақ шашып, мейірім төгіп, айналасын нұрға бөлеп жүретін жандар жас болып тұра беретін болар, – деп топшылады өнер иесі.


Әншінің оқырмандары Қарақатсыз сахнаның бос екенін айтып, тыңдармандарын әнімен қуантып жүре беруін тіледі.

“100 жасап әніңізбен әлемді керемет күйге бөлеп жүре беріңіз”, “Сахнадан кетпеңіз”, “Алланың берген жасына дейін ән салуды нәсіп етсін”, “Қарақатсыз қазақ сахнасы бос секілді”, “Әнің мәңгі әуелей берсін”, “100-ге келгенде жібереміз”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.