Жақында шаңырақ көтерген блогерге қайын атасы су жаңа көлік сыйлады

2 180

Zheka Fatbelly деген лақап атпен танымал блогерге қайын атасы көлік сыйлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Әкемнің (қайын атамның) сыйлығы. Бұл жазба көлік, сыйлық жайлы немесе маңғаздану емес. Бұл жазба 17 жасында тірегінен айырылған кішкентай Жеңістің сезімі туралы. Әкем өмірден өткенде алға қарай жүруге қатты қорықтым. Бірақ Алланың қалауымен бәрін өз қолыма алдым. 26 жасымда әкемді таптым. Жаратқан мені жетімсіретпеді. Өте керемет сезімді басымнан өткердім және оның қандай болатынын енді түсіндім. Өзімді ерке бозбала сияқты сезініп тұрмын. Отбасымыз толықты, мен бақыттымын”, – деп жазды Zheka Fatbelly.


Желі қолданушыларының басым көпшілігі блогердің мұндай сыйлыққа лайық екенін жазса, енді бірі қайын атасының күйеу баласына не себепті қымбат сыйлық тарту еткенін түсінбей дал.


“Қызды ақшасына бола тұрмысқа шықты дегендер, қайдасыңдар?”, “Керемет сыйлық. Демек сізді ұлы ретінде қабылдаған”, “Құттықтаймын”, “Осындай қайын ата бұйырсын”, “Бақыт тілеймін”, “Бекзаданың әкесі сыйлаған ба?”, “Қызын да, көлікті де берген бе?”, – деп жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.