"Таңдағаным тегін адам емес"...

475
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан алдағы уақытта тұрмысқа шығуға ниетті екенін ашық айтты. Өнер иесі ешкімге жария салмай, тыныш отбасын құруды қалаған. Алайда, таңдауы танымал адам болғандықтан ол мүмкін емес болып тұр .

Ерке Есмахан Instagram желісінде жанкүйерлеріне барынша ашылып, олардың көкейінде жүрген түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Әнші қашан тұрмысқа шығуды жоспарлап отырғанын айтып, өзінің болашақ жолдасы туралы тың мәліметпен бөлісті. 

Өнер иесі қалың жұртшылыққа жар салмай-ақ, тыныш отау құруды армандаған. Алайда, бұл қалауы орындалмайтын көрінеді. Оның айтуынша, таңдағаны тегін емес жан болғандықтан жасырын үйлену мүмкін емес.

"Тұрмысқа шығуға дайындалып жүргеніме біраз болды. Тып-тыныш шыға ұоямын ба деп ойлағанмын. Бірақ, тыныш болмайын деп тұр-ау. Өйткені, таңдағаным тегін адам емес" , - деп жазды Ерке Есмахан.