Әнші Тұрар мен Сараның араларында не бар?

2 594

Өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында өзін актрисамен не байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осыдан біраз уақыт бұрын желіде әнші Тұрар Ыдырыс пен актриса Сара Амангелдінің видеосы тараған болатын. 


"Біріншіден, менің де, Сараның да басы бос. Екеуіміз құрдаспыз. Сарамен қатты таныс емес едік. Ол мені "Қатты өзінше" деп ойлайды екен. Сөйлескен кезде бірден келісіп алдық. "Ойнатайық" дедік. Болды. Шынымды айтайын, сезім пайда болса, қуанатын едім. Бірақ өте жақсы қыз. Өзіміз әлеуметтік желіге салдық қой енді. Менің ауылдағы туыстарым "Тұрар, мені тойға шақыруды ұмытып кеттің" деп хабарласып жатыр. Анам да "Қандай жақсы қыз" деп жатыр. Анама "Тоқтай тұршы. Жаныма жолап кеткен қыздың бәрін "жақсы қыз" демеші" дедім", - деді Тұрар Ыдырыс.


 Айта кетейік, осыған дейін продюсер Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара мен әнші Тұрардың қарым-қатынасы жайлы баяндаған болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.