Жұлдызды жұп сүйінші жаңалықтарын жаңа бейнебаян арқылы жеткізді

1 506

Атышулы жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан қуанышты жаңалықпен бөлісті, - деп хабарлайды “Opennews.kz”ақпарат агенттігі.

Жұлдызды жұп жақында сәбилі болатынын су жаңа бейнеклипі арқылы жеткізді. “Bul mahabbat” деп аталатын бейнебаянда Ерке Есмаханның жүкті екенін көруге болады. Тіпті бейнеклипте Райым "Бәрінен ең әдемі менің жүктім" деп шырқайды.


“Сүйінші! Баршаңызға рахмет, көңілім босап, қуанып отырымын. Өнердегі достар, оқырмандар бейнебаянмен бөлісіп отырсаңыздар алғыстан басқа айтарым жоқ”, – деп жазды Ерке Есмахан.


Бейнеклип желісі бойынша, студияда ән жазып кешіккен Райымды донерге аңсары ауған жүкті әйелі күтіп отырады. Ол түн ортасында донер іздеп әлекке түседі. Амалы қалмаған Райым полиция қызметкерлерінің қолындағы донерді тартып алып, өзін күтіп отырған Еркеге әкеліп береді.


Желі қолданушылары Райым мен Еркені қуанышты жаңалығымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.


“Нағыз махаббат деген осы”, “Күшті жаңалықты бейнебаянмен жеткізіп тұр”, “Алла амандық беріп, жеңіл босанып алсын Ерке қыз”, “Бақытты болыңдар”, “Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын”, “Жүктілік жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.