Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

2 130

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159896-erkelikting-qandai-bolatynyn-uiretting-aigul-imanbaeva-kuieuin-tugan-kunimen-quttyqtady/Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялап, оны туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айгүл Иманбаева жолдасына деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген. 

"Ең бастысы құдайға деген сенім екен. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, құдайдан сұрайтын едім. "Шын тілесең, береді" деген де осы шығар, және "Көптің тілеуі көл" деген нәрсе бар. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік", - деп жазды актриса.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.