«Басын бөлек, денесін бөлек жерледік»: Елдос «Колобоктың» анасы ел білмейтін жаңалығымен бөлісті

1 880

Фото: Instagram/eldos.kolobokТанымал блогер Елдос «Колобоктың» анасы Жанат ханым «Құпия подкастқа» берген сұхбатында көпшілікке беймәлім ауыр оқиғаны баяндап берді, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, балалардың әкесі қаза болған кезде ол қатты қорқып, есеңгіреп қалған.

«Өйткені мен тек үйде отырып, бала бағумен айналысатынмын. Күйеуім ет сататын. Шымкенттен ет таситын. Бір күні оны атып кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Сол күні үйден шығар алдында біраз сөйлесіп, бірге тұрдық», – дейді ол.

Жанат ханымның айтуынша, күйеуін ақша үшін алдап Шымкентке шақырған.

«Сол жақта өлтіріп, өртеп жіберген екен. Күйеуімнің денесін бөлек, басын бөлек жерледік. Басын тексеруге кесіп алып қалған екен. Денеден кейін бірнеше күннен соң әкеліп берді. Өзім апарып, денесінің қасына жерледім», – деп есіне алды ол.

Жанат ханым сондай-ақ сол ауыр күндердің көбін қазір ұмытып қалғанын айтты.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.