Желіде Айсәуле Бақытбектің жаңа фотосы қызу талқылануда
512
Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде жаңа фотосымен бөлісіп, көпшілік арасында қызу талқы тудырды. Оқырмандар тұрмыстағы бикештің аяғы ауыр екенін болжап, оны құттықтауға кіріскен.
Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында жаңа суретін жариялаймын деп сөзге қалды. Фотода блогердің ақ түсті кеңдеу көйлекпен тұрғанын көруге болады. Желі жұлдызының оқырмандары бірден оның аяғы ауыр екенін жарыса болжап, кейбірі тіпті оны құттықтап үлгерген.
"Аяғы ауыр ма? Қуаныштымын сіз үшін", "Жүкті секілді. Құттықтаймын", "Аяғыңыз ауыр ма? Әлде көйлек өзі сондай ма?", "Жүкті Айсәуле", "Недеген қуаныш бұл. Айсәуле сіз үшін шын жүректен қуанып тұрмын. Ана атануға әбден лайықсыз. Сізден өте жақсы ана шығады", "Көбейе беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.
Алайда, Баян Алагөзованың қызы желідегілердің бұл болжамдарын ресми түрде растаған жоқ. Ол әзірге жүктілігіне қатысты сөздерге пікір білдірмеді.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек 2019 жылы тұрмысқа шыққан болатын.