Ерекше образдағы Жұлдыз Өмірғалиге ел тәнті болды

865

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды. Өнер иесінің ерекше нәзік образы көпшілікке ұнап, елдің ыстық ықыласына ие болды.

Жұлдыз Өмірғалидің Instagram парақшасында жариялаған фотолары желідегілерді тәнті етті. Шоу-бизнес өкілінің ерекше образы көпшілік көңілінен шығып, түрлі пікірлерге ие болды.
 
Суретте әншінің қызғылт түсті көйлекпен сахна төрінде тұрғанын көруге болады. Әртістің оқырмандары оны нағыз ертегідегі ханшайымға ұқсатты. 

Тағы кейбір желі қолданушылары өнер иесінің дене сымбатына жоғары бағасын беріп өтті. Олар Жұлдыздың бүгінгі мінсіз мүсініне қарап, оны екі баланың анасы деп айту қиын екенін алға тартты. 

"Өте сұлусыз" , "Көрікті, қылықты ару" , "Әдемі әнші" , "Сахна сені сүйеді", "Жұлдыз недеген әдемі едің" , "Керемет образ. Нағыз ханшайымдар сияқты болып қалыпсың" , "Қасыңа ханзадаң жетіспей тұр" , "Мына нәзік образ дәл сен үшін ойлап табылғандай" , "Жұлдызды екі баланың анасы деп айта алмайсың. Жап-жас, сұлу әрі талдырмаш мүсінді" , - деп жазуда халық. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.