Хасанғалиевтің ұлы марқұм әкесінің бірінші некедегі қызы туралы шындықты айтты

1 790

Белгілі музыкант Біржан Хасанғалиев YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында марқұм әкесі Ескендір Хасанғалиевтің бірінші отбасы жайлы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



“Әкемнің бірінші некесінен Тоғжан есімді қызы бар. Тоғжан Хасанғалиева өнер жолында, Астанадағы мемлекеттік қуыршақ театрының басшысы. Біз жақсы араласамыз. Менің екі туған әпкем бар. Бірі – Элико, екіншісі – Тоғжан. Үшеуіміз де бауырмашылмыз”, – дейді Біржан Хасанғалиев. 


Сондай-ақ ол биліктегілердің дүниеден өткен әкесі Ескендір Хасанғалиевті не себепті “Еңбек Ері” атағына лайық көрмегенін түсінбей дал.


“Негізі әкем “Еңбек Ері” атағына бір емес, бірнеше рет ұсынылды. Ал бұған неге лайық көрмегенін сол атақты беретін адамдардан сұрау керек. Әкем қай жағынан алып қарасаң да “Еңбек Ері” атағына лайықты адам. “Неге?” деген сұрақты мен өзіме де қоямын, халық та сұрайды. Ескендір Хасанғалиев – ұлы композитор әрі керемет әнші. Алла әкеме екі талантты бірдей берген. Өнердің екі саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Әкемнің 70, 75 немесе 80 жылдығында мемлекет тарапынан жоғары марапат берілсе халық қуанар еді. Өкінішті нәрсе, әкем осы өкінішпен өмірден өтті. Ол туралы маған бірнеше рет айтты. “Еңбек Ері” атағын алып жатқан адамдардан менің қай жерім кем?” деген ойлар мазалағанын да жасырған емес. Осыған байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа анамыз екеуіміз хат жаздық. Бірақ әлі ешқандай жауап келген жоқ”, – деді музыкант.