"Ninety One" тобы тойға шақырса шығады,- Азамат Ашмақын

620
Өздерінің шығармашылығын дамытуға кіріскен  "Ninety One" тобы мерекелік шараларға ешқашан шықпаймыз деп айтпағандарын алға тартты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Ninety One" тобы той-бизнеске қарай бет бұруға қатысты өз пікірін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты. "Біз әлі шыққан жоқпыз. Бірақ бізде шағын райдер бар. Сол орындалса шығып көрейік. Өйткені басында біз той мен шоу-бизнестің бөлінуіне әсер ететін қозғалыс істедік қой. Тойға шықпай қойдық. Шоу-бизнеске акцент жасадық. Нәтижесінде екеуі бөлінгендей болды. Бірақ қазақтың барлық дәстүрі ол - той. Оған қарсы шығатын емес. Бұл - біздің мәдениетіміз. "Ninety One" тобы шықпайды дегеннен кейін, бізді шақырмады", - деді Азамат Ашмақын. Олар өзі белгілеген шарттар орындалған жағдайда тойда ән салуға қарсы емес екенін жеткізді. "Біз ешқашан шықпаймыз деп айтпағанбыз. Ерболат аға жайында білмеймін. Бірақ біз айтқан жоқпыз. Біз үнемі айтатынбыз. Егер тойда сахна мен техникалық райдер болса, біз баруға дайынбыз деп", - деді топ лидері ZAQ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.