Жарына ән арнаған Төреғали Төреәлі елді тәнті етті

521

Фото: Төреғали Төреәлі парақшасынанҚазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі келіншегіне ән арнап, оған деген өз сезімін білдірді. Желіде ерлі-зайыптылардың қатысуымен түсірілген бейнеролик те пайда болған. Аталмыш видео бірден қалың көпшілікке ұнап, елдің ыстық ықыласына ие болды.

Желі қолданушыларын сүйсіндірген бейнежазбамен Төреғалидің жары Instagram парақшасында бөліскен. 
Ерлі-зайыптылардың видеосы елді тәнті етіп, бірден халықтың оң бағасын алған. Көпшілік оларға осындай форматтағы бейнероликтермен жиі бөлісіп тұруын сұраған. 

"Қандай жарасымды жұп. Сіздерді үлгі тұтатымн", "Екеуінің көзінен махаббатты көрмеу мүмкін емес. Жарайсыздар, бақытты болыңыздар", "Толқынға жетер қыз жоқ. Төреш бағала", "Сондай тәттісіздер. Елдің көзі тимесін, махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Өмірдің соңынан дейін осылай бір-біріңізге махаббат көзімен қарап, қол ұстасып жүре беріңіздер", - деп жазуда желідегілер.