"Егіз" деді": Ерке Есмахан жүктілігі туралы айтты

2 570

Сурет: ашық дереккөздерденБелгілі әнші Ерке Есмахан осы уақытқа дейін айтпаған сырымен бөліскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жүктілік кезінде ол қиын жағдайға тап болған.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтқан. Ұлы Ислам дүниеге келгеннен кейін 10 ай толғанда көтеріп қойған. Дәрігерге тексерілгенде егіз екенін айтқан.

"Бірінші УДЗ-ге барғанда дәрігерлер "егіз" деді. Құрсағыма екі сәби біткен екен. Бірінші скринингке барғанда егіздердің бірінің жүрек қағысы жоқ, ал екіншісі жақсы дамып жатыр деді. Екінші скринингте де Батырдың дені сау, қалыпты өсіп жатқанын білдік. Екінші эмбрион мұндай жағдайда кедергі болмайды екен", – деп жазды әнші.

Сөйтіп тоғыз айдан кейін ұлы Батырды аман-есен дүниеге алып келген.

"Батыр баламыз бүгін 1 жасқа толды. Қазір былдырлап сөйлеп, күліп, еңбектеп, бізді қуанышқа бөлеп өсіп келе жатыр. Дені сап-сау, Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды әнші.

Ерке Есмахан жүктілік кезеңі жеңіл өткенін де атап өткен. Оның сөзінше, Батыр 3 келі 800 грамм болып дүниеге келген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.