"Маскасы шешілді" әнші Kalifarniya жанды дауыста ән айтамын деп сынға қалды

2 574

Фото: turkystan.kzТанымал әнші Kalifarniya концерттердің бірінде жанды дауыста ән орындауы кезінде сынға қалды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Концерт барысында ол «Қымбаттым» әнін Мирас Жүгінісовпен бірге орындаған. Алайда әнші музыканың ырғағына ілесе алмай, көрермендердің назарын аударды. Kalifarniya бұл жағдайды дауысы сыр беріп, тамағы ауырып тұрғанымен түсіндірді.

Соған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жанды дауысы фонограммадағы нұсқасына сәйкес келмейтінін айтып, наразылық білдірді. 

Желіде «Жанды дауыста айтса, үнемі тамағы ауырып қалады екен», «Тыңдап отырған адамдарды аяймын», «Тональностке түсе алмай тұр», «Шынайы дауысы осы» сынды пікірлер жазылды.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, Kalifarniyaның орындаушылық деңгейіне қатысты түрлі көзқарастар туындады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.