«Уәде беремін»: Мереке Қалбаева күйеуіне тоқал алып беретінін айтты

1 611

Фото: merekusha.k парақшасынанӘзілкеш Мереке Қалбаева әлеуметтік желіде жас күйеуі Арсен Акиевтің туған күніне орай жүрекжарды жазба жариялған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

«Алла қай жақсылығым үшін бергенін білмеймін, бірақ осы жанды маған жар еткені үшін өмір бойы шүкір деймін. Асыл ерім, ғашық ерім, туған күнің құтты болсын! Хайырлы да, берекелі, ұзақ ғұмыр тілеймін. Бұйырса, мен 90 жасқа келгенде саған тоқал әперемін, уәде», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, өнер иесі жарына деген сезімін де жасырмады.

«Жаным, сендей жан жоқ. Барлығы үшін өзіңе мың рақмет. Мен сенсіз қанатсыз құспын. Сен – менің қамқоршым, қорғаушым. Алла бірге қартайып, тек қана бірге жүруді жазсын. Сені сүйемін», – деді Мереке Қалбаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.